Компанияның мақсаты мен миссиясы

«КАЗНИКЕЛЬ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанда никель өндіру үшін тау-кен металлургия өнеркәсібін дамыту мақсатында қазақстандық табысты бизнесмендердің бастамашыл тобымен 2004 жылы құрылды.

2004 жылдың сәуір айында «КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС 26.02.2004 ж. №1349 келісімшарт бойынша ШҚО Горностаев кен орнында кобальт-никель кенін барлау және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алды.

2004 жылдан бастап «КАЗНИКЕЛЬ» ЖШС Горностаев кен орнын барлаумен айналыса бастады және 2019 жылдан бастап Горностаев кобальт-никель кен орнынан жер асты ұңғылап сізтісіздендірудің озық әдісімен тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру кезеңіне кірісті.